Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Полицейлерге «102» қосымшасы арқылы қандай шағымдар түседі

Полицейлерге «102» қосымшасы арқылы қандай шағымдар түседі

«102» қосымшасы – құқықтық тәртіпті сақтауға азаматтардың қатысуын жеңілдететін қолайлы құрал. Оның көмегімен соңғы 3 айда Петропавл тұрғындарынан полицейлер 84 өтініш қабылдады. Олардың басым бөлігі жол жүру ережелерінің бұзылуына қатысты, деп хабарлайды QZ News.

Жолдағы апатты жағдайлар, жол жиектері мен көгалға көлік қою – мұндай жайттар бойынша қырағы қала тұрғындары фото және видео материалдарды қосып, хабарламалар жіберіп, құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға ықпал етуде.

Сондай-ақ, ішімдік ішіп шу шығару, тыныштықты бұзу, қоқысты рұқсат етілмеген жерге тастау сияқты жағдайлар туралы хабарламалар түсуде. Есірткі таралуына байланысты мәселелер де тұрғындарды алаңдатуда. Қаңтар айының соңында Интернационал көшесіндегі үйдің тұрғыны кіреберісте белгісіз адамдар есірткіні шегу жолымен қолдануы мүмкін екенін хабарлаған. Тағы бір қолданушы оған есірткі тасымалдаушы (наркокурьер) қызметін ұсынғаны туралы хат алмасу скриншоттарын жіберген.

Әрбір хабарлама бойынша мұқият тексеріс жүргізіледі.

Shares