Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Полиция қызметкері Қостанайда өткен республикалық байқауда үздік үштікке енді

Полиция қызметкері Қостанайда өткен республикалық байқауда үздік үштікке енді

Жамбыл ауданының учаскелік инспекторы Бауыржан Шаяхметов республикалық «Үздік маман» байқауында үшінші орынды иеленді. Оны Ішкі істер министрлігі учаскелік инспекторлар, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар және патрульдік полиция бөлімшелерінің қызметкерлері кіретін жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері арасында өткізді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Байқау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шрақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының базасында өтті.

«Жүлдеге ие болу мен үшін кәсіби дамуда дұрыс бағыт алғанымның көрсеткіші болып табылады. Мұндай жетістіктер халық пен мемлекет игілігіне қызмет етуді одан әрі жетілдіруге және жалғастыруға ынталандырады», – дейді Бауыржан Шаяхметов.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген аймақтық байқаулардың жеңімпаздары қазылар алқасының назарына өз жұмыстарының бейнекөрінісін ұсынды, заңнаманы білуі және дағдарысты жағдайларда әрекет ету қабілеті тексерілді, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсетті және қызмет көрсетуді жақсарту туралы эссе жазды. Патрульдік полицейлер дене шынықтыру және өрт сөндіру жаттығулары бойынша да сайысқа түсті.

«Учаскелік полиция инспекторлары арасында Бауыржан Шаяхметов үшінші орын алды. Ол қызметке дейін тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Ішкі істер органдарында 10 жыл жұмыс істейді. 2021 жылдан бері учаскелік инспектор қызметін атқарып, Благовещенко ауылдық округі тұрғындарының құрметіне бөленді. 2024 жылдың басынан бері ол төрт қылмысты ашуға қатысып, 300-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады», – деді СҚО ДП ЖПҚБ бастығы Әлібек Ғабдуллин.

 

 

Shares