Қала әкімі бөгеттерді қалпына келтіру бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны жайлы айтты
Облыс орталығының әкімі Серік Мұхамедиев қалалық мәслихат депутаттарына бөгеттерді салу және қайта қалпына келтіру туралы айтты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Мәселен, ағымдағы жылы одан әрі тосқауыл болу үшін Заречныйдағы және Ущев көшесіндегі бөгеттердің зақымдалған учаскелері ақ балшықпен жабылып, нығайтылатын болады.
“Бүгінгі таңда ақ балшық зертханалық сынақтан өтуде. Сондай-ақ, Ущев көшесі, Былғары зауыты ауданындағы бөгеттерді және Заречный кентіндегі үйінділерді қайта жаңарту бойынша жоба әзірленуде. Жобаны әзірлеп, сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін осы жобаны іске асыруға республикалық бюджетке бюджеттік өтінім берілетін болады”, – деді қала әкімі.