Қала басшысы жазғы жауын-шашынның Петропавлдың су басқан аудандарына қандай зиян келтіргені жайлы айтты
Биылғы жаз жаңбырға сараң емес. Петропавлда нөсер жауған күндерді санасаң, саусақ жетпейді. Шамадан тыс түскен ылғал шаһар аудандарына кері әсер етті. Әсіресе, көктемде суда қалған аудандар зардап шекті. Бұл туралы тікелей эфир барысында облыс орталығының басшысы айтты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Қатты жауын-шашын салдарынан Ойқала ықшам ауданын су басты, мұнда суағарлар бітелген күйде болды. Косогорға да апат жетті. Бұл ауданда біз тұруға жарамды деп тапқан үй бар. Алайда, нөсер жаңбыр жауды. Нөсер жаңбырдан кейін әлгі үйді комиссияға қайта шығарғымыз келеді, құлайды деген қауіп бар. Біз тексереміз, қараймыз, шешім қабылдаймыз”, – деді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.
Қала басшысы “Бірлік” шағын ауданы тұрғындарының бірі үйінде пайда болған жарықшақты көрсеткен видеоға да түсініктеме берді.
“Жарықшақ мердігердің кінәсінен пайда болған жоқ, геология мен суға қатысты кемшілік бар. Менің айтарым мынадай, біз адамдар қысқа дейін қоныстану үшін үйлерді өте тез салдық, бір апта бұрын ғана нөсер кәрізін жасай бастадық. Іс биыл аяқталмайлы. Жарты шаруаны тамыз айының соңына қарай аяқтаймыз. Жоба келесі жылға ауысады. Сонымен қатар, “Бірлік” шағын ауданындағы жолдарды асфальттау келесі жылға қалады”, – деп түсіндірді қала басшысы