Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қате зейнетақы мен әлеуметтік аударымдарды қайтаруға онлайн өтініш беруге болады

Қате зейнетақы мен әлеуметтік аударымдарды қайтаруға онлайн өтініш беруге болады

Мемлекеттік корпорация халыққа танымал мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін пилоттық жоба аясында қате төленген әлеуметтік аударымдар мен қате есептелген міндетті зейнетақы жарналары сомаларын қайтару бойынша қызметтер электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылды, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

Жаңашылдық қызмет алушылар үшін қате аударылған қаражатты қайтару процесін жеңілдетіп қана қоймай, Мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне түсетін жүктемені айтарлықтай жеңілдетеді. Өтініш беру үшін жұмыс беруші электронды үкімет порталында мәліметтерді толтыруы қажет. Бұл жағдайда төлеушінің деректемелерін және төлем тапсырмасын көрсету керек. Қоса кетейік, әлеуметтік және зейнетақы жарналарын қайтару жүктілік және 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді дұрыс есептеу және тағайындау үшін де қажет.

«Бұған дейін жұмыс берушілер Мемлекеттік корпорацияға ақшаны қайтару үшін қағаз түріндегі өтінішпен жүгінетін. Көбінесе өтініштер пошта қызметі арқылы жіберілді және оларды жеткізу ұзаққа созылды. Біз азаматтармен кездесіп, оларға ыңғайлы болу үшін eGov.kz порталында қызмет енгіздік. Енді жұмыс берушілер мен төлеушілер уақыттарын айтарлықтай үнемдеп, қызметтерді өз істерінен босамай ала алады. Сондай-ақ, автоматтандырудың арқасында қызметтерді көрсету мерзімі 15 жұмыс күнінен 12 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Сонымен қатар, өтініш берушілер өтініштің қаралу мәртебесін қадағалай алады», – деді Мемлекеттік корпорация басқарма төрағасының орынбасары Асхат Ибраев.

Қызмет Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арасындағы бірлескен бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылды.

Жаңашылдықты енгізу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлескен күш-жігерінің арқасында мүмкін болды. Еске салайық, бұған дейін ұйымдар екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы әлеуметтік төлемдер туралы ақпаратты алу қызметін іске қосқан болатын.

 

 

Shares