Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қазақстан Конституциясы күніне орай солтүстікқазақстандық бірқатар полиция қызметкері марапатталды

Қазақстан Конституциясы күніне орай солтүстікқазақстандық бірқатар полиция қызметкері марапатталды

Медальдар, грамоталар, алғыс хаттар — мемлекеттік мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты жиында СҚО полициясының 70-тен астам офицері мен сержанты марапатталды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жеке құрамды құттықтай отырып, СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Еңбек Сембин әрбір полицейге ерекше алғысын білдірді. “ІІМ құрметті ардагері” төсбелгісімен ішкі істер органдарының 93 жастағы ардагері Владимир Ипполитов марапатталды. Ел басшылығы әрбір қазақстандыққа мемлекеттің дамуына үлес қосқаны үшін жауапкершілік жүктейді. Назарда: заңның үстемдігі принципі, әділеттілік және барлығына тең мүмкіндіктер. Құқықтық тәртіп сақшыларына ерекше рөл берілген.

“Полицейлер қылмыспен күреседі, істерді тергейді, есірткі қылмысына, экстремизмге қарсы іс-қимыл жасайды, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және жерлестерінің қоғамдық тәртібін қорғайды. Ішкі істер органдарындағы қызмет халық пен мемлекеттің игілігі үшін барлық білімді, күш пен тәжірибені, қажырлы еңбекті талап етеді”, – деп атап өтті Еңбек Сембин.

Қарбалас қызмет өмір мен денсаулыққа қауіп төндіреді. Сондықтан, әрбір полиция қызметкері үшін Ата заң мерекесіне орай марапатталу – маңызды және есте қаларлық оқиға. Маңызды мерекеде қалалық полиция басқармасының бастығы Ербол Тайбеков те мерейтойлық медальдар мен грамоталарды күн сайын қиын қызметтің алдыңғы шебінде жүрген, ерекше көзге түскен қызметкерлерге табыстады. Мерекелік күнді аймақ полицейлері дәстүрлі түрде күшейтілген режимде өткізіп, аймақ тұрғындары мен қонақтарының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Shares