Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қазақстан Республикасының Президенті «Азал» әуе кемесінің жолаушыларын құтқаруда ерлік пен кәсібилік көрсеткен қазақстандықтарды марапаттады

Қазақстан Республикасының Президенті «Азал» әуе кемесінің жолаушыларын құтқаруда ерлік пен кәсібилік көрсеткен қазақстандықтарды марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында апатқа ұшыраған «Азал» әуе компаниясының ұшағының жолаушыларын құтқаруда ерлік, кәсібилік және азаматтық жауапкершілік танытқан Қазақстан азаматтарының қалың тобын марапаттады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Президент Жарлығымен Маңғыстау облысы Полиция департаментінің криминалисті Айбек Әлібаев Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, Маңғыстау облысы Басқұдық ауылының №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Серікболат Оңғар – Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен, «Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы» МКҚК орталығының басшысы Бақытжан Қойбеков пен Ақтау халықаралық әуежайы медициналық пунктінің меңгерушісі Ирина Кочергина – «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі
Маңғыстау облыстық жедел жәрдем және жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Тимур Кисаев, Маңғыстау облысы бойынша Апаттар медицинасы орталығының дәрігері Оспан Оразбеков, «Қазаэронавигация» Ақтау филиалының диспетчері Ярослав Толстиков, Маңғыстау өңірлік электр желілері кәсіпорнының бригадирі Нұралы Шопанов «Ерлігі үшін» медалімен, Ақтау халықаралық әуежай қызметі басшысының орынбасары Бекболат Жұмағұлов және Маңғыстау облысы бойынша сот сараптама орталығының маманы Эльдар Уразалиев – «Еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Президенттің Алғыс хатымен 51 адам марапатталды.

Shares