Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қазақстанда алғаш рет модульді құтқару станциясы Петропавлда ашылды

Қазақстанда алғаш рет модульді құтқару станциясы Петропавлда ашылды

Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов қатысып, еліміздегі тұңғыш модульді құтқару станциясын ресми түрде іске қосты.

Есіл өзенінің жағасында орналасқан жаңа нысан Солтүстік Қазақстан облысындағы судағы төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндіктерін едәуір арттыруға бағытталған.

«Біз құтқару бөлімшелерінің қажетті аумақтарда болуы мен тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудеміз. Бұл жерде құтқарушыларға дер кезінде әрекет ету үшін барлық жағдай жасалған», – деп атап өтті министр.

Shares