Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қазақстандық оқушылар қайтадан 25 мамырға дейін оқиды

Қазақстандық оқушылар қайтадан 25 мамырға дейін оқиды

Өткен жылдың тамыз айында Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзақтығын 31 мамырға дейін ұзартты. Бұл жаңалыққа көп оқушының ата-анасы қарсы болып, 25 мамырды қайтаруды сұрады. Бүгін елімізде дәстүрлі Тамыз конференциясы өтті. Алқалы жиында премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова енді қазақстандық оқушылар қайтадан 25 мамырға дейін оқитынын мәлімдеді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Вице-премьердің айтуынша, оқу жылын 31 мамырға дейін ұзарту туралы шешім дұрыс, бірақ асығыс қабылданған.

«Бұл мәселеге қатысты қоғамда көптеген пікірталас, қауымдастық тарапынан біраз ұсыныс болды. Мұны мойындау керек. Бұл әлемдік практика, бірақ мұндай шешімдер үшін мұқият дайындық қажет. Министрліктің шешімі орынды, бірақ асығыс қабылданған деп санаймын», – деді Дүйсенова.

Сонымен, биылғы оқу жылында 34 апталық оқу мерзімі қайтып оралады. Дүйсенованың айтуынша, алдағы оқу жылы ішінде қажетті дайындық жұмыстарын жүргізіп, оқу бағдарламасын бейімдеу керек және 36 апталық оқу ұзақтығына оралу мәселесін 2025 жылдан бастап қайта пысықтаған дұрыс

 

 

Shares