Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қазақстандықтар 2025 жылдың 1- 4 қаңтары аралығында демалады

Қазақстандықтар 2025 жылдың 1- 4 қаңтары аралығында демалады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады, деп хабарлайды QZ News тілшісі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің “2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы” бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады.

«Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 1-4 қаңтар аралығында, ал алты күндік жұмыс аптасында 1-3 қаңтар аралығында демалады. Демалыс күнінің бұлайша шегерілуі жұмыс уақытын оңтайлы бөлуге және азаматтардың демалуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», – деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Shares