Қазақстанның Әйелдер күштері альянсы өзінің бес жылдығын атап өтуде
Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы Әйелдер күштері альянсының жұмыс кеңесі өтті. Аталған бірлестікке түрлі салада жетістікке жеткен 30-ға жуық азаматша кіреді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Кеңеске қатысушылар 2024 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмыстың қорытындысын шығарды, Астанада өтетін Әйелдер күштері альянсының 5 жылдығын мерекелеуді талқылады, «Әйелдер саяси көшбасшылығы мектебі» бағдарламасының тұсаукесерін өткізді және СҚО Әйелдер күштері альянсының құрамына жаңа мүшелерді қабылдады.
“Әйелдер саяси көшбасшылығы мектебіне төртінші қабылдау өткіземіз. Бізге солтүстікқазақстандықтар келуде, олар көшбасшылық дағдыларды үйреніп, өздерінің беделін маңызды әкімшілік, құқықтық және саяси шешімдер қабылдау мүмкіндігі мен құқығына ие болатындай деңгейге көтергісі келеді. Әйелдер күштері альянсы 5 жыл бұрын құрылды. Осы уақыт ішінде біздің қатарымызға енген әйелдер шынымен де көшбасшы екенін көрсетті. Қазақстанның Әйелдер күштері альянсының 5 жылдығы қазан айында Астанада өтеді. Онда қатысушылармен халықаралық жаттықтырушылар жұмыс істейтін болады”, – деді СҚО Әйелдер күштері альянсының төрайымы Гүлбахша Мұсабаева.