“Қазір қаланың қақ ортасында тұрамыз”: Су тасқынынан зардап шеккен петропавлдық отбасы пәтерге ие болды
Лидия Ефимова жақында үш жасар ұлы және ата-анасымен бірге қоныс тойын тойлады. Су тасқынына дейін отбасы Ойқала шағын ауданындағы жеке үйде тұрған, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі. Тасқыннан кейін баспана апатты деп танылды, қуанышқа орай, зардап шеккен теріскейліктер жергілікті биліктің көмегімен жаңа баспана алды.
“Біздің үлкен үйіміз көп жыл бойы тұратынына сенімді болдық, Өкінішке қарай, ойлағанымыз жүзеге аспады. Біз өзімізге тез арада үш бөлмелі пәтер таңдап, тез арада құжаттарды рәсімдедік. Қазір қаланың қақ ортасында тұрамыз, бәріне ыңғайлы болу үшін үлкен бөлмелері бар пәтер алдық, баспанаға кірген күні ұлым алдымен ойыншықтарын жайғастырды”, – деді Петропавл қаласының тұрғыны Лидия Ефимова.
Қала тұрғыны су тасқынынан зардап шеккендерге төленетін барлық төлемді алғанын да айтты.
“Берілген қаражат бізге көп көмектесті, қажетті заттарды сатып алдық, тұрмыстық техниканы жөндедік, гуманитарлық көмек көп келді, барлығына өте ризамыз. Біз өз үйімізге қоныстанғанға дейін жатақханада тұрдық. Енді жаңа жерде ұзақ тұрып, өсіп-өнгіміз келеді”, – деді Лидия Ефимова.