Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » ҚО-лық нәзікжанды жеңгетайлық пен алаяқтық жасағаны және адам саудасымен айналысқаны үшін 6 жылға сотталды

ҚО-лық нәзікжанды жеңгетайлық пен алаяқтық жасағаны және адам саудасымен айналысқаны үшін 6 жылға сотталды

СҚО-да «Трафикті тоқтату» жедел профилактикалық шарасы басталды. Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері адам саудасы, еңбек және сексуалдық бағытпен байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша кешенді шаралар қабылдауда, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Ақпарат алмасу және адам саудасының құрбандарын анықтау бойынша үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс жүргізілуде. Мұндай қылмыстардың жасырын қалуы көбіне жәбірленушілердің құзырлы органдардан көмек сұрауға батылы бармауымен байланысты. Мұны Ақмола облысының 18 жастағы тұрғынын жезөкшелікпен айналысуға тарту жағдайы растайды. Бірнеше рет заңсыз әрекеттерге ұшыраған ол полицияға хабарласпаған. Бұл жағдай тағы бір қылмыстың ашылуының арқасында анықталды.

2022 жылдың мамыр айында Петропавл қаласының 39 жастағы тұрғыны WhatsApp желісі арқылы жалға алған пәтерінде жеңгетайлықпен айналысқан. Ақмола облысынан келген 18 жастағы жетім қызды массажист ретінде жұмысқа алған ол кейін жезөкшелікпен айналысуға азғырған. Қыз бірнеше рет интимдік қызмет көрсетуден қашқан. Колледжде оқуын жалғастыруға тырысқан қыз әлгі әйелдің физикалық және моральдық қысымынан кейін манағы үйге қайта оралған. Клиенттер берген барлық ақшаны қожайыны иемденіпті. Сондай-ақ, ол қызға асыраушысынан айырылғаны үшін берілген 2,7 миллион теңгегесін тартып алған. Ол ол ма, жеңгетайлық жасаған петропавлдық студент қыздың 150 мың теңге шәкіртақысын өзіне аударған», – дейді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Жандос Басыбаев.

Әккі әйелдің жұмысы мұнымен тоқтамаған. 2023 жылдың көктемінде Петропавлда сыпырып-жуушының жұмысын іздеп жүрген әйелмен танысып, оны да алдап, Ақмола облысына жыныстық пайдалану үшін 250 мың теңгеге сатып жібермек болған. Алайда осы әрекетін жүзеге асырмақ болғанда оны СҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері ұстады. Тамыз айында сот оған притон ұйымдастыру, адам саудасы және алаяқтық жасағаны үшін үкім шығарды. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

 

Shares