Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қожаберген жырау атындағы №6 мектептің оқушыларына тыйым салынған заттардың зияны туралы түсіндірілді

Қожаберген жырау атындағы №6 мектептің оқушыларына тыйым салынған заттардың зияны туралы түсіндірілді

Облыстық қоғамдық даму және ақпарат орталығының мамандары СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен бірігіп, Қожаберген жырау атындағы No6 мектептің 10-11 сынып оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектеп оқушыларына тыйым салынған заттардың зияны туралы айтылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі

«Кездесу оқушыларға есірткінің зияны, оны қолданудың денсаулыққа, өмірге және болашаққа тигізетін зардаптарымен таныстыру және нашақорлыққа байланысты нақты қауіптер туралы ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылды. Тыйым салынған заттарды қолданудың салдарын көрсететін нақты фактілерді талқылау арқылы ғана өскелең ұрпақтың бойында есірткіге деген  теріс көзқарасты қалыптастыруға болады деп ойлаймын», – дейді СҚО Ішкі саясат басқармасының қоғамдық даму және ақпарат орталығының бөлім басшысы Анастасия Волкова.

Әңгімелесу еркін форматта өтті, спикерлердің баяндамасынан кейін оқушылар өз сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті. Мұндай іс-шараларды облыстық әлеуметтік даму және ақпарат орталығының мамандары мен тәртіп сақшылары тұрақты түрде өткізіп тұрады.

Shares