Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қозыбаев университетінде бірінші курс студенттеріне арналып денсаулық туралы дәрістер оқылды

Қозыбаев университетінде бірінші курс студенттеріне арналып денсаулық туралы дәрістер оқылды

Психологиялық және физикалық денсаулық тақырыбындағы интерактивті дәрістерді Қозыбаев университетіне қарасты үш факультеттің бірінші курс студенттері тыңдады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Іс-шараны ЖОО психологиялық қызметінің мамандары, сондай-ақ СҚО жастар денсаулық орталығының сарапшылары ұйымдастырды.

“Орталық жақында ашылды. Біз 18 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға қызмет көрсетеміз. Орталық гинеколог, психолог, уролог, терапевт және педиатрдың қызметтерін тегін ұсынады. Бұл құпия түрде жүргізіледі. Бүгін біздің психологымыз сөз сөйлейді, ол өмірдің жаңа кезеңіне аяқ басқан бірінші курс студенттеріне бейімделу туралы айтып, кеңес береді. Денсаулық тақырыбын қозғайтын гинеколог та келді. Балалар ата-аналары тұратын үйінен шықты, стресс жағдайында олар жиі ауыруы мүмкін. Мен олардың денсаулығын бақылауды ұсынамын. Қазір ЖРВИ маусымы басталып отыр, балалар біздің орталықтан көмек сұрай алады”, – деді СҚО жастар денсаулық орталығының жетекшісі Айымгүл Қанашева.

СҚО жастар денсаулық орталығы Петропавл қаласында Тауфик Мұхамед-Рахимов көшесі, 27 мекенжайында орналасқан.

Shares