Қозыбаев университетінің 4 курс студенттеріне бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Қозыбаев университетінің 6 корпусының фойесінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Оған 400-ге жуық студент пен СҚО-ның 20-дан астам компаниясының өкілдері қатысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Іс-шараға ірі банктердің филиалдары, ауыл шаруашылығы және өндірістік кәсіпорындар, зауыттар, құрылыс фирмалары, IT-компаниялары және өңірдің басқа да бизнес секторының өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдардан мамандар қатысты.
«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 4 курстың студенттері қатысты. Олар HR-қызметтерімен жеке әңгімелесуден өтіп, бос орындармен танысып, табысты жұмысқа орналасу бойынша кеңес ала алды», – деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.
Студенттер анкеталарды толтырып, жұмыс берушілерге байланыс деректерін қалдырды. Компаниялардың қызметімен жақынырақ танысып, өздерін таныстырды.. Кейін олар тағылымдамадан өтуге немесе тәжірибеден өтуге шақырылады.