Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қозыбаев университетінің 54 студенті әскери ант қабылдады

Қозыбаев университетінің 54 студенті әскери ант қабылдады

Қозыбаев университетінің 54 студенті жыл бойы әскери пәндерді, ҚР Қарулы Күштерінің жарғыларын оқып, саптық дайындықпен айналысты, оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, қорытынды емтихан тапсырды. Бүгінгі таңда олар кіші сержанттар қатарына қосылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Салтанатты жағдайда әскери ант бергенннен кейін жас сержанттар әскери кафедраның алаңында саптық жүріспен өтті.

«Біздің әскери кафедрада оқуымыз қызықты өтті. Енді біз де Отан қорғаушылар қатарындамыз. Біз әрдайым елімізге адал боламыз деп ант бердік. Жігіттерге табысқа жету жолындағы кез келген кедергілерді еңсеруді тілеймін»,- деп Ыбрай Өмірзақов өз қатарластарын құттықтады.

Shares