Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қозыбаев университетінің студенті V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жеңіске жетті

Қозыбаев университетінің студенті V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жеңіске жетті

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтуде. Жарысқа 89 елден келген 2000-нан астам спортшы қатысып жатыр. Осындай ауқымды додада ел намысын Қозыбаев университетінің студенті қорғады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Сәния Әскен – үшінші курс студенті. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқиды. Ол бес асықтан Қазақстан әйелдер құрамасына кірді. Ал Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тамаша өнер көрсетіп, 1 орынға ие болды! Сәния 2,5 млн теңгені қанжығаға байлады! Жеңісіңізбен құттықтаймын! Жаңа жеңістер мен табыстар тілеймін!”,- деп жазды Facebook желісіндегі парақшасында Қозыбаев университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Ербол Исақаев

Shares