Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » ҚР-ның Оқу-ағарту министрлігі балаларды зорлық-зомбылықтан қорғаудың кешенді жоспарын әзірледі

ҚР-ның Оқу-ағарту министрлігі балаларды зорлық-зомбылықтан қорғаудың кешенді жоспарын әзірледі

Оқу-ағарту министрлігі балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірледі, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Зорлық-зомбылық, агрессия және қатыгездік бүгінде бала өмірінің көптеген саласында кеңінен көрініс тапты. Зорлық-зомбылық салдары құқыққа қарсы әрекеттер мен қылмыстардың жасалуына әкеліп соғады және оның пайызы соңғы жылдары өсіп келеді. Жасөспірімдер арасындағы криминогендік жағдай күрделене түсті, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар саны 13,4%-ға өсті.

«Жағымды әлеуметтік-психологиялық ахуалдың жоқтығы, зорлық-зомбылыққа төзбеушілік, мектеп ұжымында сенімді және сыйластық қарым-қатынастың жоқтығы, зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламаларының жеткіліксіз болуы, балаларда төзімділікті қалыптастыру және балалардың әлеуметтік және эмоционалдық дамуы – мұның бәрі балалар мен жасөспірімдер ортасында зорлық-зомбылық көріністеріне әкеледі», – деп атап өтті министрлік.

Осы мәселелерді шешу үшін кешенді жоспарда мыналар қаралып отыр:

– Балалар ортасындағы келеңсіздіктер, құқық бұзушылықтар, зорлық-зомбылық және басқа да келеңсіз құбылыстар мәселелерін қарастырудың барлық деңгейінде «іс жүргізу» технологиясы енгізіледі. Бұл белгілі бір қызмет немесе жоба аясында шешілуі қажет жеке істерді басқарудың әдіснамасы мен тәсілі.

– Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларын әлеуметтік қызметтермен жан-жақты қолдауға мүмкіндік беретін «Әлеуметтік патронаж» жобасын енгізу жоспарлануда. Басты мақсат – аз қамтылған отбасылардың өмірінің әртүрлі аспектілеріне қолдау көрсету және көмек көрсету арқылы олардың әл-ауқатын және өмір сүру сапасын жақсарту.

– Әрбір мектепте міндетті түрде әлеуметтік педагог лауазымын енгізу ұсынылып отыр, оның қызметі баланың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге қатаң бағытталатын болады.

Shares