ҚР ҰҚК СҚО бойынша департаменті Петропавлда бос орындар жәрмеңкесін өткізеді
19 маусым күні сағат 10:00-де ҚР ҰҚК ШҚ СҚО бойынша департаментінің аумағында (Амангелді көшесі, 137) бос орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Жалақысы 270 мың теңгеден басталатын, отбасының әрбір мүшесіне 48 мың теңгеден тұрғын үй төлемдері, сондай-ақ азық-түлік үлесінің орнына өтемақы төленетін келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау жүзеге асырылады. Әскери билеті бар 18 бен 40 жас аралығындағы азаматтар біздің қатарымызға қосылыңыздар! Сіздер Отанға керексіздер! 87770229999 нөмірі бойынша хабарласуға болады”, – делінген хабарламада.