Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » “Құрылтайшымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз”: СҚО білім басқармасының басшысы СҚУ колледжі студенттерінің ата-аналарымен кездесті

“Құрылтайшымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз”: СҚО білім басқармасының басшысы СҚУ колледжі студенттерінің ата-аналарымен кездесті

СҚУ колледжінің 310 студенті дипломсыз қалуы мүмкін. Жеке оқу орнының иесі табыстың болмауына байланысты оны жабуға ниетті. Бұл ақпарат студенттердің ата-аналарына кеше 16 шілде күні жетті. Ал бүгін СҚУ колледжі қабырғасында жұмысынан айырылу қаупі бар педагогикалық құрам үшін жиналыс өтуі тиіс еді. Іс-шараға алаңдаулы ата-аналар келді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Колледждің жабылуы туралы қызымнан естідім, ол “Аударма ісі” мамандығында оқиды, 1 жыл қалды. Қызым шошып отыр, мен де үрейді жоя алар емеспін. Талқылаулар ата-аналар чатында басталды. Ешкім бізге түсінікті ештеңе айтқан жоқ. Қызым грантта оқиды”, – деді Петропавл қаласының тұрғыны Лидия Шириязданова.

Жиналыс көшеде өтті, колледж иесі ата-аналармен кездесуге келмеді. СҚО білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұраганова халықпен тілдесті. Ол ата-аналарды орын алған жағдай оның жеке бақылауында екеніне сендірді. Ведомство басшысы әрбір студентке жеке қамқорлық жасауға уәде берді.

“Басқарма сіздермен бірге оқу орнын сақтауға мүдделі. Бүгінде құрылтайшымен колледж мәртебесі мен контингентті сақтау туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Келіссөздер бүгін басталды, оқыту бойынша белгілі бір шарттық міндеттемелер бар, мекеме мемлекеттік тапсырысты қабылдады. Студенттердің 80% бюджеттік негізде оқиды. Бұл бағытта да келісімшарттық міндеттемелер бар. Сондықтан бүгінгі мәселе білім басқармасының ерекше бақылауында. Біз сіздерді құрылтайшымен келіссөздердің қалай жүріп жатқаны туралы хабардар етеміз”, – деді СҚО білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұраганова.

QZ Media бұған дейін жазғандай, талапкерлер колледждің Instagram парақшасы арқылы 2024-2025 жылғы маусымда оқуға түсуге белсенді шақырылды. Бюджет негізінде мына мамандықтарға қабылдау жарияланды: “Интерьер дизайны”, “Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану”, “Аударма ісі”. Ал коммерциялық негізде “Құқықтану”, “Бағдарламалық қамтамасыз ету”, “Менеджмент”, “Интерьер дизайны”, “Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану, “Аударма ісі” сынды мамандықтарға қабылдау жүргізілді.

Shares