«Қуаныш» ВК ҚР Кубогының күмісін місе тұтты
Петропавлда волейболдан әйелдер командалары арасында өткен ҚР Кубогы аяқталды. Өкінішке қарай, финалда біз күткен нәтиже тіркелмеді. Жергілікті «Қуаныш» клубы эстафетаны жаңа чемпион – «Жетісу» волейболшыларына табыстап, күміс жүлдені місе тұтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Ал қола медаль өскемендік «BEREL» ВК бұйырды, олар дәстүрлі додада лайықты өнер көрсетті.
“Ойындар қызықты әрі тартысты өтті, әр кездесуді жанкүйерлер асыға күтті. Олардың бір бөлігі кездесулерді осында келіп тамашаласа, екінші бөлігі тікелей эфир арқылы көрді, қолдау көрсетті. Осы бірнеше күн ішінде өте жақсы матчтар болды деп айта аламын. Командалар деңгейлес. Біз федерацияның аталған кубокты СҚО-да өткізуге мүмкіндік бергеніне қуаныштымыз. Жанкүйерлердің волейболды ұнататынын көріп отырмыз. Жанкүйерлерді біздің спортшыларымызға белсенді түрде қолдау көрсетуге шақырамын”, – деді дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов.