Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Қуаныш» волейбол клубы «Ақтөбе» клубын 3:0 есебімен жеңді

«Қуаныш» волейбол клубы «Ақтөбе» клубын 3:0 есебімен жеңді

15-21 қазан аралығында Петропавлда волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан Республикасының Кубогы өтеді. Маңызды сайысқа еліміздің ең мықты 8 клубы қатысуда, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

««А» тобына Түркістан, Жетісу облыстарынан, сондай-ақ Алматы мен Астанадан келген командалар кіреді. «Б» тобында Ақтөбе, Қарағанды облыстарының, ШҚО-ның және СҚО-ның командалары бар. Командалар 2024 жылғы кубок үшін күресуде. Егер Азия клубтарының чемпионаты сәуір айында өтетін болса, онда Кубок немесе Суперкубок жеңімпазы сол додаға бара алады. Ал егер биылғы жылдағыдай қыркүйекке ауыстырылатын болса, онда наурыз айында анықталатын чемпион барады. Фавориттер қатарында СҚО, ШҚО, Түркістан және Жетісу облыстары бар. Бұл командалар 4-ші орыннан төмен түспейді, жыл да жақсы өнер көрсетіп, жанкүйерлерін қуантады”, – деді волейболдан әйелдер командалары арасындағы ҚР Кубогының бас төрешісі Ирина Қабылбекова.

15 қазан күні «Қуаныш» және «Ақтөбе» командаларының кездесуі өтті. Ойын 3:0 есебімен аяқталды. Жеңіс СҚО волейболшыларына бұйырды.

Shares