Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қызылжар ауданында балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілуде

Қызылжар ауданында балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілуде

Қызылжар ауданында «Қауіпсіз терезе» профилактикалық акциясы өткізілуде. Ол балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлап кетуін болдырмауға бағытталған. Ұйымдастырушылар прокуратура мен аудандық білім бөлімі, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Әрқашан сақ және балалардың қауіпсіздігіне мұқият болу – «Қауіпсіз терезе» акциясының мақсаты. Осылайша, көпбалалы отбасылардың үйлеріндегі терезелерге оқшаулағыш құралдар орнатылады. Бұл – келеңсіз жағдайларды болдырмауға көмектесетін шағын құрылғы. Бұл шара жыл сайын өтеді. Ұйымдастырушылар Қызылжар ауданының прокуратурасы мен білім бөлімі.

«Біз «Оңтүстіктен солтүстікке» бағдарламасы бойынша Қызылорда облысынан көшіп келдік. Бізге екі қабатты үйден пәтер берді. 4 бала тәрбиелеп отырмыз. Әрине, әрқашан терезелер ашық қалмасын деп қорқамыз. Бұл құрылғы үшін рахмет. Енді балалар еркін ойнай алады, бізде алаңдамаймыз»,- дейді Бескөл ауылының тұрғыны.

«Қызылжар ауданындағы білім беру ұйымдарында да профилактикалық әңгімелесулер, аудиториялық сағаттар, флешмобтар өткізілді. Мектеп жасына дейінгі оқушыларға мультфильм көрсетілді. Азаматтар қырағы болулары және балаларды терезелері ашық бөлмелерде қалдырмау керек. Терезе маңында ойнауға болмайтынын бала білуі керек»,- деп толықтырды Қызылжар аудандық білім бөлімінің әдіскері Арайлым Құсайынова.

Shares