Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Қызылжар су» ЖШС желілерін жөндеуде

«Қызылжар су» ЖШС желілерін жөндеуде

Жыл сайын «Қызылжар су» ЖШС қаладағы су құбырларын және кәріз желілерін демонтаждау және ауыстыру жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

8 айда 4,5 шақырымнан астам құбыр мен желі қамтылды. Тарифтің көтерілуіне байланысты инвестиция көлемі 85,5 млн теңгеге өсті. Аталған ақша желілердің тозуын азайтуға жаратылады. Ал бұл сумен жабдықтау көрсеткіштерінің жақсаруына әкеледі. Бүгін Назарбаев, 258 мекенжайында кәріз жүйесі ауыстырылуда. Ұзындығы – 199 метр. Бөлінген сома жеті миллион теңге шамасында. Жүргізіліп жатқан жұмыстар апаттық оқиғалардың санын азайтуға септігін тигізеді. Жыл басынан бері қаламызда 70-ке жуық апат тіркелді.

«Бізге ескі үйлердің тұрғындары да жиі хабарласады. Кәріздік желілер қысым түсетін су құбырлары емес. Ішіне бірдеңе кірсе, ол бітеліп қалады. Құбыр әрқашан тез шіріп кететін ортада болады. Сондықтан, қазір ауладағы желілерді ретке келтіріп жатырмыз», – дейді «Қызылжар су» ЖШС атқарушы директоры Арман Сауытов.

 

 

 

Shares