«Радуга» ЖШС мамандары АЭС-тің артықшылықтары туралы білді
АЭС құрылысын қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штабтың мүшелері Болат Базарбаев пен Әлфараби Мыңбай алдағы референдумның маңыздылығын талқылау үшін «Радуга» ЖШС мамандарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Болат Базарбаев зауыт жұмысшыларына Қазақстанда неліктен атом электр станциясын салу қажеттігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
“АЭС салу кезінде тек соңғы үлгідегі заманауи жабдықтар пайдаланылатын болады. Станция шамамен 10 жылда салынады. Осы уақыт ішінде Қазақстанда АЭС-те жұмыс істеуге қабілетті мамандардың жаңа әрі білікті буынын даярлауға мүмкіндік туады. Бұл мәселе бойынша соңғы шешімді азаматтар қабылдайды. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы энергетикалық қуаттылыққа тікелей байланысты екенін айта кетейін”, – деп түйіндеді АЭС құрылысын қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штабтың мүшесі Болат Базарбаев.