Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ризабек Айтмұхан Петропавл Ұлттық ұлан академиясында болды

Ризабек Айтмұхан Петропавл Ұлттық ұлан академиясында болды

Демалыс күні Петропавлдағы ҚР Ұлттық ұланының академиясына ел тарихындағы еркін күрестен бірінші әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан келді. Атақты спортшыны қала әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің өкілдері, ата-аналары мен достары алып жүрді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Сапар барысында ол академияның жеке құрамымен кездесті, онда Сербиядағы әлем чемпионаты кезінде өзінің сезімдері мен әсерлерімен бөлісті. Сондай-ақ, чемпион ЖОО-ның өмірімен танысып, құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Кездесу естелік ретінде ұжымдық суретке түсумен аяқталды.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан – ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшісі. Ол Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Б. Момышұлы атындағы 5571 Алматы әскери бөлімінде мерзімді қызмет өткеруде.

Shares