Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Роман Скляр СҚО-да жылыту маусымына дайындық барысын тексерді

Роман Скляр СҚО-да жылыту маусымына дайындық барысын тексерді

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болды. Ол жылу беру маусымына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Петропавл 2-ЖЭО жабдықтарының 57,3%-ға тозғанын, СҚ ЭТК – 96,6%-ға, жылу желілері – 77,5%-ға ескіргенін ескере отыра,  облыста ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Петропавл 2-ЖЭО-да ағымдағы жылы инвестициялық-жөндеу науқандары аясында 17,6 млрд теңгеге жұмыстарды жүргізу жоспарлануда. 2027 жылға дейін 739 шақырым электр желісі мен 240 қосалқы стансаның құрылысына жыл сайын 4 миллиард теңге бюджет қаражатын бөлу жоспарлануда. Жөндеу және жаңғырту жұмыстарына акционерлер қаражатынан барлығы 17,6 млрд теңге бөлінді.

Роман Скляр жылу беру маусымының үзіліссіз өтуі үшін жұмыстардың сапалы жүргізіліп, мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Shares