Руслан Асаубаев: «Жаңа Жолдау халыққа түсінікті тілмен жазылған»
Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуі бұрмаланған ақпараттың көбеюіне әкеп соқтырды. Бұл – Президенттің халыққа арнаған су жаңа Жолдауынан алынған ой. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, науқастарға мемлекет кепілдік берген қызметтерді ақылы негізде алуды немесе бірнеше ай бойы кезек күтуді ұсыну жайттары аз емес. Бұған жол беруге болмайды. Мемлекет басшысының ұстанымына қатысты СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығының басшысы Руслан Асаубаев пікір білдірді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“Жаңа Жолдау халыққа түсінікті тілмен жазылған, оңай түсінуге болады. Денсаулық сақтау мен білім беруді қоса алғанда, халыққа қатысты әлеуметтік мәселелер көтерілді. Егер адам ауруханаға түссе, емделсе, шығарылғаннан кейін ол арнайы параққа қол қоюы керек. Онда науқасқа қанша қаражат жұмсалғандығы, ол қандай дәрі-дәрмектерді тегін алғаны жайлы ақпарат болады. Науқас қол қоюы керек, содан кейін ақша аударылады. Бұл жерде сарапшылардың өзі ненің тегін, ненің тегін еместігін білмейді”, – деп атап өтті СҚО бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының басшысы Руслан Асаубаев.
Жолдауында Президент қоғамдық бақылауды күшейту үшін ҚР-да су жаңа бірыңғай цифрлық платформаны іске қосу қажеттігін айты. Онда барлық жолды, соның ішінде, қала аумағындағы жолдарды салуға және жөндеуге қатысты ақпарат болуы керек.
«Қоғамдық белсенділер бұл туралы көптен бері айтып келеді, бірақ ол жүзеге аспай келді. Біз ашық деректерді көрмейміз, сондықтан қоғамдық бақылауға көп мән беріледі. Әлеуметтік белсенділер біртұтас цифрлық платформада болатын құралдарға сенуде», – деді Руслан Асаубаев.