Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » С. Киров атындағы зауыттың қызметкерлері сертификатталған тәлімгер атанды

С. Киров атындағы зауыттың қызметкерлері сертификатталған тәлімгер атанды

Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасындағы сертификатталған тәлімгерлер қатары С. Киров атындағы зауыт мамандарымен толықты. Дуальды оқыту бағдарламасы аясында өңір колледждерімен тығыз әрі нәтижелі жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын кадрларды сапалы даярлау бағытында маңызды қадам жасап, 11 қызметкерін СҚО Кәсіпкерлер палатасының Тәлімгерлік мектебіне жіберді, деп хабарлайды QZ News.

Болашақ тәлімгерлер оқытуды КП СҚО адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы әрі мультипликатор Ирина Торопованың жетекшілігімен өтті. Бағдарламада нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу, тәлімгерліктің мақсаттары мен құралдарын меңгеру, шәкірттерді ынталандыру әдістері, жүйелі өндірістік нұсқаулық беру мен тиімді коммуникация принциптері қамтылды.

— Бұл жай ғана оқыту емес, бұл — стратегиялық қадам! «Кәсіби маман» республикалық байқауы қарсаңында тәлімгер сертификатын алу С. Киров атындағы зауыт қызметкерлеріне «Кәсіпорынның үздік тәлімгері» номинациясында жеңіске жетуге қосымша мүмкіндік береді. Кәсіпорын осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, «Атамекен» ҚР ҰКП жариялаған байқауға белсене қатысады деп үміттенемін, — деді Ирина Торопова.

Кәсіпкерлер палатасында мұндай бастамалар бизнес пен білім арасындағы байланысты нығайтып, өңірде білікті жұмысшы кадрларды сапалы даярлауға септігін тигізетініне сенімді.

 

Shares