Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » С.Мұқанов атындағы қазақ драма театрында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

С.Мұқанов атындағы қазақ драма театрында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Солтүстік Қазақстан облысының өрт сөндірушілері С.Мұқанов атындағы қазақ драма театрында адамдарды эвакуациялау мен құтқару және шартты өртті сөндіру бойынша оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар құтқарушылар персонал мен келушілерге арналған дабыл беру жүйесінің жұмысын тексерді, деп хабарлайды QZ News.

СҚО ТЖД мәліметінше, мұндай жаттығулар шынайы қауіп туындаған жағдайда жедел қызметтердің үйлесімді әрі тиімді әрекет етуіне мүмкіндік береді және нысанның өрт қауіпсіздігі деңгейін арттырады.

Shares