“Салт-дәстүр”: Петропавлда пайдасы зор фестиваль өтті
Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтарын концерттік бағдарлама мен ұлттық киімдер киген адамдар қуантты. Петропавлдың орталық алаңында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай облыстық деңгейдегі дәстүрлі “Салт-дәстүр” этномәдени фестивалі өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Әртүрлі этнос өкілдерінің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсетуге Солтүстік Қазақстан облысының аудандарынан орталықтар мен белсенділер келді.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, фестивальдің мақсаты – облыс этностарының рухани және мәдени байлығын сақтау, этностардың салт-дәстүрлерін жаңғырту, қазақстандық патриотизмге, Қазақстанның көпұлтты халқына сүйіспеншілікпен және құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Қатысушылар әдет-ғұрыптарды музыкалық және көркемдік өрнектеумен, ұлттық костюмдер көрсетілімін ғылыми түсініктемемен ұсынды.
Әр қатысушының өнер көрсетуіне 10 минут берілді.
“Салт-дәстүр” фестивалі Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына аймақтың бай және алуан түрлі мәдени әлеміне енуге, жаңа дәстүрлерді ашуға және әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы бірлік пен өзара түсіністік сезімін нығайтуға бірегей мүмкіндік болды.
Іс-шара соңында барлық қатысушылар ақшалай сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.