Сергеев су қоймасындағы бөгет арқылы су тасуы деңгейі бұрынғы қалпында – 170 см
2025 жылғы 7 сәуір күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Сергеев су қоймасындағы бөгет арқылы су тасуының деңгейі өзгеріссіз – 170 см болып тұр, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Қазгидромет»РМК СҚОФ мәліметінше, су тораптың толу деңгейі – 131%. Су қоймасының көлемі – 907 миллион текше метр. Су деңгейі – 970 см.
«2025 жылғы 5–11 сәуір аралығында Ақмола облысынан келетін жанама ағындардың (Жабай және Қалқұтан өзендері) жетуіне байланысты Есіл өзенінің бойындағы Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандарында су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Соның салдарынан тасқын сулар автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын үйлер мен шаруашылық нысандарын су басуы ықтимал», – делінген «Қазгидромет» СҚОФ хабарламасында.