Серік Мұхамедиев тасқыннан зардап шеккен петропавлдықтардың өткір сұрақтарына жауап берді
1 мамыр күні Серік Мұхамедиев су тасқынынан зардап шеккендермен кездесу өткізді. Іс-шараға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ заңгерлер қатысты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Жүздесуге облыс орталығының түрлі шағын ауданының, сондай-ақ Заречный кентінің тұрғындары шақырылды. Ақмарал Рүстемова біраздан бері сонда өмір сүрді. Суға кеткен баспанада азаматшадан бөлек, жұбайы мен ұлы тұрыпты.
“Біз эвакуациялық пункттерде тұрдық, қазір жатақханада тұрамыз, жағдай жақсы, жергілікті билікке өте ризамыз. Заречныйда біз саяжайда тұрдық, оны жабдықтадық, біртіндеп кеңейдік. Әкімдікке жүгінген едік, мамандар бірінші болып үй иелері, содан кейін жазғы үй тұрғындары көмек алатынын түсіндірді”, – деді Заречный кентінің тұрғыны Ақмарал Рүстемова.
Ринат Мамлютов та Заречный кентінде тұрды. Оның да үйі су астында қалды. Баспанада зайыбы және баласы үшеуі өмір сүрген.
“Біржолғы төлем алдық, залалды әділ бағалайды деп сенеміз. Менің білуімше, егер тұрғын үй қалпына келтірілмесе, билік пәтер бере алады, бұл ұсыныс біздің көңілден шығады. Солнечный-2 ауданында үйлер салынуда. Біз бұл нұсқаны да қарастырамыз”, – деді Ринат Мамлютов.
Су тасқынынан зардап шеккен жандарды үйге құжаттарды рәсімдеу мәселелері толғандырады, өйткені олардың біразының құжаттары дұрыс емес. Бағалау комиссиясының жұмысына және қирағанның орнына тұрғын үй беруге байланысты да мәселелер көтерілді. Кейбір қала тұрғындары пәтер жалдауға мәжбүр, бірақ қаржылық қиындықтарға байланысты олар мұны ұзақ уақыт жалғастыра алмайды. Серік Мұхамедиев қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанында орналасқан жатақханада қосымша 306 орын пайда болатынын айтты.