Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Севказэнерго» АҚ: «2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Севказэнергосбыт» ЖШС электрмен жабдықтау қызметін тоқтатады»

«Севказэнерго» АҚ: «2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Севказэнергосбыт» ЖШС электрмен жабдықтау қызметін тоқтатады»

Жаңартылған «Электр энергетикасы туралы» Заңға сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтынушыларды электрмен жабдықтауды тек меншікті электр желілері бар және кепіл беруші ретінде танылған ұйымдар қамтамасыз етеді. Бұл рөлді аймақты электр энергиясымен сенімді қамтамасыз етуге жауапты «Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ атқаратын болады, деп хабарлайды QZ News тілшісі «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ға сілтеме жасап.

«Жылуэнергетикасы туралы» жаңа Заңда тұтынушыларға жылу энергиясын жылу тасмалдаушы ұйымдары жүзеге асыратыны белгіленген, олардың ішінде «Петропавл жылу желілері» ЖШС басты рөл атқарады.

«Өзгерістердің нәтижесінде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Севказэнергосбыт» ЖШС электрмен жабдықтау қызметін тоқтатады. Электрмен жабдықтау шартына байланысты құқықтар мен міндеттер «Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ-на беріледі. Ал 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап «Севказэнергосбыт» ЖШС жылумен жабдықтау қызметтерін көрсетуді, жылумен жабдықтау келісімшарттарына байланысты құқықтар мен міндеттерді «Петропавл жылу желілері» ЖШС-не беруді тоқтатады, деп хабарлады «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметі.

«Севказэнергосбыт» ЖШС жеке келісім-шарттары бар тұтынушыларға жаңа жеткізушілермен қосымша келісімдер жасау қажеттігі туралы хабарламалар жіберіп үлгерді. Қазіргі уақытта бұл келісімдерге 4300-ден астам тұтынушы өтініш білдіріп, күн сайын 200-ге жуық қосымша келісімдер жасалуда. 

«Егер тұтынушы қосымша келісімдерге қол қоюға ниеті болмаса, ол қажетті құжаттар пакетін ұсына отырып, тасымалдаушы ұйымдармен жаңа шарт жасайды. Қосымша келісімдер немесе жаңа шарттар жасасқаннан кейін тұтынушылар 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ деректемелері бойынша электрмен жабдықтау қызметтеріне ақы төлейтінін ескертеміз», – делінген «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ хабарламасында.алады.  

Shares