Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 3 миллионға жуық айыппұл төлеуге міндеттелді

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 3 миллионға жуық айыппұл төлеуге міндеттелді

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 2023 жылға арналған бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті талдау нәтижелері бойынша «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ іс-шараларды орындамай, заңнаманы бұзғанын анықтады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Табиғи монополия субъектісі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігімен жеңілдетілген тәртіпте 2 953 600 теңге әкімшілік айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Shares