“СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ су тасқынынан зардап шеккен қызметкерлеріне көмектесуде
“СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ су тасқынынан зардап шеккен қызметкерлеріне киім-кешек, төсек-орын жабдықтары мен азық-түлік сынды қажетті дүниелерді таратты. Тілек білдірушілер компанияның жатақханаларына да орналастырылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Сонымен қатар, қызметкерлерге қосымша қолдау ретінде екі апталық әлеуметтік ақылы демалыс берілді. Кәсіпорын мамандары қаржылай да көмек алды.
“СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ басшылығы табиғи апаттан зардап шеккен энергетиктерге жан-жақты қолдау көрсетеді. Мемлекеттен бірреттік төлем 100 АЕК (369 200 тг.) берілді. Үйлерін су басқан, ал бұл 57 маман зардап шеккен ретінде “СЕВКАЗЭНЕРГО”АҚ-дан тағы осындай соманы алды. Эвакуацияланған, бірақ үйлері бүтін қалған қызметкерлер 30 АЕК түрінде көмек алды. Бұл 110 760 теңге”, – делінген “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ, компания басшылығы зардап шеккен энергетиктерді барлық бағыттар бойынша заңды сүйемелдеумен қамтамасыз етті. Кәсіпорын өз қызметкерлеріне үй маңындағы аумақтарды тазарту ісінде де көмектесуге дайын.