«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ жылуға тарифті төмендетті
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «СЕВКАЗЭНЕРГО» акционерлік қоғамының 2023 жылға арналған бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуына талдау жүргізді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалмаған сомасы 65 555 822,90 теңгені құрады.
«Осыған байланысты, департаменттің 2024 жылғы 6 қарашадағы бұйрығымен «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ жылу энергиясын өндіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін 1 Гкал үшін 4 873,72 теңгені қоса алғанда, уақытша өтемдік тариф бекітілді. Онда төмендеу бекітілген тарифтен 36.57 теңгені құрады» ,- деп хабарлады Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан бойынша департаментінде.