Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстік фанер комбинаты кеңейіп, жаңа мамандарды жұмысқа тартып жатыр

Солтүстік фанер комбинаты кеңейіп, жаңа мамандарды жұмысқа тартып жатыр

Президенттің тапсырмасы бойынша 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР халқына арнаған жаңа Жолдауында айтты. Ол экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету – ең өзекті міндет екенін атап өтті. Қазақстанға салалық мамандардың: су шаруашылығы мамандарының, құрылысшылардың, энергетиктердің және басқа да көптеген мамандардың тапшылығын еңсеру қажет, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Солтүстік фанер комбинаты” ЖШС үнемі дамуға ұмтылады, кәсіпорын алдына жаңа міндеттер қояды. Оларды жүзеге асыру үшін адамдар қажет. Комбинат директорының орынбасары Айваз Бакиров мамандарды мансап орталығы, сондай-ақ оқу орындары арқылы таңдауға болатынын айтады.

“Біз көлікке арналған, жиһаз және құрылыс фанерін шығарамыз. 2021 жылы ашылдық, жыл сайын өндірістік қуаттылықты арттырып жатырмыз. Осыған байланысты жұмыс орындарының санын көбейтеміз. Біз 100 адамнан бастадық. Қазіргі уақытта 250 адам жұмыс істейді. Біздің комбинаттың айналасында шағын және орта бизнес белдеуін құрдық. Бізбен бірге 30 заңды тұлға және 90 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. Бұл – шикізат пен қызметтерді жеткізушілер, ағаш кесушілер. Қазір өз кластерімізді ұлғайтып, “Qyzyljar” АЭА аумағында өндіріс бастаймыз. Жыл соңына дейін отын түйіршіктерін шығаратын цех ашамыз. Қосымша 100 жұмыс орны ашылады, АЭА-да ағаш өңдеу кластері пайда болады. 2027 жылға дейін кластерге 25 млрд теңге инвестиция саламыз”, – деді “Солтүстік фанер комбинаты” ЖШС директорының орынбасары Айваз Бакиров.

Shares