Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстік Қазақстан облысында онкологиялық ауруларды емдеудің озық технологиялары қолданылатын болады

Солтүстік Қазақстан облысында онкологиялық ауруларды емдеудің озық технологиялары қолданылатын болады

Бұл туралы аймақ басшысы Айдарбек Сапаров Telegram-арнасындағы парақшасында хабарлады. Күні кеше медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер, ұлттық ғылыми медициналық орталықтың басшысы Абай Байгенжин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді.

Сапар барысында ол облыс орталығындағы кейбір емдеу мекемелерін аралап, қызметкерлермен және емделушілермен әңгімелесті. Одан кейін облыс әкімімен және жұртшылықпен кездесті.

«Абай Қабатайұлы – жерлесіміз, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер, денсаулық сақтау саласының көрнекті ғалымы. Қазір оның басшылығымен Ұлттық ғылыми медициналық орталық денсаулық сақтау саласындағы ең өзекті бағыттарды дамытып келеді. Республикалық орталықтың онкологиялық ауруларды емдеу бағытындағы озық технологиялары өңірімізде де қолданылатын болады», – деп жазды А.Сапаров әлеуметтік желіде.

 

Shares