Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстік Қазақстан облысының патрульдік полицейлері жол-көлік оқиғасында зақымдалған көліктерді Астана-Петропавл тас жолы бойымен жүргізіп өтті

Солтүстік Қазақстан облысының патрульдік полицейлері жол-көлік оқиғасында зақымдалған көліктерді Астана-Петропавл тас жолы бойымен жүргізіп өтті

Солтүстікқазақстандық полицейлер төрт күнге созылған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын бұзылған көліктер тиелген эвакуаторлардың авто шеруімен аяқтады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Эвакуаторлар мен патрульдік машиналардан құралған көліктердің шағын легі «Астана – Петропавл» тас жолына шығып, облыс орталығынан бастап Аққайың ауданының шекарасына дейін жүріп өтті. Автошерудің қатысушылары жол-жөнекей тоқтап, жүргізушілерге жадынамалар, парақшалар таратты.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы облыс жолдарында тамыздың 18 мен 21 аралығында өткізілді. Бұл күндері жол жүрісі қағидаларының түрлі 1448 бұзушылығы, дәлірек айтқанда, көлік құралдарын масаң күйде басқарудың – 22, қауіпсіздік белдігін пайдаланбаудың – 178, жылдамдықты асырудың 156 фактісі анықталды. Жаяу жүргіншілер тарапынан 143 бұзушылық тіркелді. Олар жолдың рұқсат етілмеген жерінен және бағдаршамның тыйым салынған түсіне өткен. Үстіміздегі жылдың 7 айында Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 184 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 22 адам көз жұмып, 20 адам жарақаттанды. Мас жүргізушілердің кінәсінен 14 жол апаты тіркелді, 4 адам қаза тауып, 20 адам жарақаттанды. Бұл – соңғы екі айда өткізіліп отырған екінші акция. Автошерудің мақсаты – жол жүрісі қағидаларының бұзылуы осындай жағдайға алып келуі мүмкін екенін облыс тұрғындары мен қонақтарына көрсету”, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Shares