Солтүстік Қазақстанда алдағы үш күнде термометр -7 градустан төмен түспейді
21 қарашада Петропавлда -1+1 °C, күн бұлтты болады, қар жауады, бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Бұл туралы СҚО бойынша «Қазгидромет» РМК мамандары мәлім етті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
22 қарашада облыс орталығында күн -2-4°C, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. 23-і күні термометр -3-5 °C көрсетеді.
21 қарашада облыс аудандарында -4+1°С қар жауып, боран соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. 22 қарашада -2-7°С болады, жауын-шашынсыз. 23-і күні ауа температурасы -2-7°С дейін төмендейді. Бұл күні облыстың солтүстігінде қарлы боран соғады.