Солтүстік Қазақстанда суға түсу маусымы аяқталды
2023 жылғы шомылу маусымында Қазақстан Республикасының аумағындағы су айдындарында 177 адам қайтыс болды, оның 53-і – бала. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5%-ға аз, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Солтүстікқазақстандық құтқарушылар 1 маусым мен 31 тамыз аралығында облыстың су қоймаларына 2 мыңнан астам рет шығып, 39 адамды аман алып қалды, оның үшеуі – бала. Облыстағы су қоймаларында жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, көрсетілген мерзімде суда 5 адам: тыйым салынған жерлерде шомылу кезінде 4 адам және бір балықшы өлімі тіркелді.
«Құрметті солтүстікқазақстандықтар, көптеген адамдар жылдың кез келген мезгіліндегі демалысты суда өткізгенді ұнатады. Қауіпсіздік ережелерін ұмытпаңыздар. Соның ішінде күзде, әсіресе балық аулау кезінде қарапайым сақтық шараларын сақтаңыздар. Қауіпсіздік желеті және байсалдылық сіздің өміріңізді сақтай алады. Судағы осы қарапайым сақтық шараларын есте сақтаңыздар, сонда балық аулау қуаныш пен демалыс әкеледі, ал біздің ортақ демалысымыз төтенше жағдайға айналмайды», – деді СҚО ТЖД басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Қуат Махметов.