Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстікқазақстандық Андрей Глывяк гір спортынан әлем чемпионы атанды

Солтүстікқазақстандық Андрей Глывяк гір спортынан әлем чемпионы атанды

Гір спорты бойынша өткен бұл жолғы әлем чемпионатында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт шебері, дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы Андрей Глывяк әлем чемпионы атанды. Ақпаратты өзінің Facebook парақшасында Қозыбаев университетінің ректоры Ербол Исақаев жариялады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Халықаралық жарыс 10-14 қазан аралығында Грекияның Керкира қаласында өтті. Андрей Ярославович 95 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол 24 кг гірді «серпе» көтеруде жеңімпаз атанды. Лайықты жеңісіңізбен құттықтаймыз! Мақтан тұтамыз! Денсаулық, табыс және жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз”, – деп жазды Ербол Исақаев құттықтау хатында.

Shares