Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстікқазақстандық қоғам белсенділері ҚР Президентінің Жолдауына үн қосуда

Солтүстікқазақстандық қоғам белсенділері ҚР Президентінің Жолдауына үн қосуда

Солтүстікқазақстандықтар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына үн қосуда, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Облыстық ассамблеяға қарасты Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов ҚР Президенті жаңа Жолдауында қазақстандықтарды толғандыратын көптеген маңызды мәселелерге тоқталды деп есептейді.

«Президент ҚР-ның экономикасын көтеру туралы көп айтты. Бұл әртүрлі салаларға қатысты. Оның ішіне ауыл шаруашылығы да, өнеркәсіп те, көлік логистикасы да және т.б кіреді. Бұл бағыттарды дамыту халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізеді. Ауыл шаруашылығы туралы айта келе, Президент маған қатты ұнаған ойды тілге тиек етті. Мемлекет басшысы жері кең, бірақ ауыл тұрғындары үшін ештеңе істемейтіндер барын мәлімдеді және олармен күресу керектігі туралы нақты ойын білдірді», – деді Ескендір Елеусізов.

Қазақстанда Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Президент алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ және шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат деп санайды. Жерлесіміз Ескендір Елеусізов осы тұсты да ой дәптеріне түртіп алған.

«Жыл сайын электр энергиясына деген сұраныс артып келеді. Президент жел энергиясы, күн энергиясы және т.б. туралы айтты, бірақ мұндай ресурс экономика секторларының қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткіліксіз. Президент қазақстандықтар референдумда атом электр стансасын салу идеясын қолдайды деп үміттенеді», – деді Ескендір Елеусізов.

Shares