СҚО әкімдігі, «Қазақстан халқына» қоры және «Kazakhmys» корпорациясы арасында 100 үй салу бойынша үш жақты меморандум жасалды
СҚО-да жұмыс бабымен «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев пен «Kazakhmys» корпорациясын тұрақты дамыту бойынша директоры Сәкен Шаяхметов болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен өткен кездесуде «Солнечный 2» шағын ауданында 100 үй салу бойынша СҚО әкімдігі, «Қазақстан халқы» қоры және «Kazakhmys» арасында ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.
“Бүгінде серіктестігіміздің арқасында жаңа шағын ауданда 200 тұрғын үй салынып жатыр. Сондай-ақ, «Kaspi» АҚ тағы 300 үйдің құрылысын бастайды”, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.