Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі мен көлік министрі жол саласын дамыту мәселелерін талқылады

СҚО әкімі мен көлік министрі жол саласын дамыту мәселелерін талқылады

СҚО-да жұмыс бабымен көлік министрі Марат Қарабаев болды. Көлік министрі Марат Қарабаев пен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен өткен жиында Солтүстік Қазақстан облысының жол саласын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Жолдауда Мемлекет басшысы жол инфрақұрылымын жақсартуға баса назар аударып, орташа жөндеу бағдарламасын 10 мың шақырымға дейін жеткізуді тапсырды. Министрлiкпен бiрлесе отырып, өңiрдегi орташа жөндеу жүргiзiлетiн жолдардың маңызды учаскелерi анықталмақ. Сондай-ақ жөнделген жолдың сапасын тексеру мен мердігерлердің жауапкершілігі де ерекше бақылауда.

“Биыл облыс бойынша жөндеу жұмыстарымен 938 шақырым жол қамтылды, оның негізгі бөлігін орташа жөндеу құрайды. Бұл бағыттағы жұмысымызды одан әрі күшейтеміз”, – деді облыс әкімі.

Shares