СҚО әкімі Отан қорғаушыларды құттықтады
Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов солтүстікқазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Өзінің құттықтауында әкім әскери қызметшілердің елдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті, деп хабарлайды QZ News.
«Отан қорғаушылар күні құтты болсын! 7 мамыр – ерлік пен абыройдың, Отанға адалдықтың күні. Біз еліміздің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қорғап жүрген барлық әскери қызметшілерді, сондай-ақ Отаны мен жақындарын қорғауды қасиетті борышы санайтын барлық азаматтарды құрметтейміз», – делінген құттықтауда.
Облыс әкімі биыл өңіріміздің әскери қызметшілері тасқын судан ауылдар мен тұрғындарды қорғауда нағыз ерлік көрсеткенін айтты.
«Олардың жанқиярлығы, ұйымшылдығы мен төзімділігі – нағыз патриотизмнің үлгісі. Барша қорғаушыларға шын жүректен денсаулық, күш-қуат, бейбіт өмір және ертеңгі күнге сенім тілеймін. Ерлік пен батырлық әрдайым серік болсын! Мерекелеріңізбен, қымбатты Қазақстанды қорғаушылар!», – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.