Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Сқо әкімі Петропавл мектептерін аралап, оқу жылына дайындықты күшейтуді тапсырды

Сқо әкімі Петропавл мектептерін аралап, оқу жылына дайындықты күшейтуді тапсырды

Өңір басшысы Айдарбек Сапаров облыс орталығындағы мектептерді аралады. Облыс әкімі білім беру нысандарындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысын, мектептердің жағдайы мен абаттандыру жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

Аймақ басшысы мердігерлерге жөндеу жұмыстарын күшейтіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ мектептердің аумағын абаттандыруға көңіл бөліп, спорт алаңдарын орнатуды жүктеді.

Айдарбек Сапаров облыс бойынша мектептердің дайындығын тексеру үшін комиссиялар құруды да тапсырды. Барлық жұмыс 25 тамызға дейін аяқталуы тиіс.

Shares