Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің дамуы туралы есеп берді

СҚО әкімі Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің дамуы туралы есеп берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовті қабылдады. Әкім Президентке 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөнінде есеп берді, деп хабарлайды QZ NEWS.

Ғауез Нұрмұхамбетов экономика, ауыл шаруашылығы, инвестициялар, құрылыс және ұлттық жобалар салаларындағы негізгі көрсеткіштер туралы баяндады.

Өңірде экономикалық өсімнің оң динамикасы байқалады. Атап айтқанда, 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 111,8%-ды құрап, негізгі салалардың барлығында даму қарқынының бар екенін көрсетті. Үкімет белгілеген 106,5% деңгейіндегі жалпы өңірлік өнімге (ЖӨӨ) қол жеткізу басты мақсат ретінде белгіленген.

Президент егін жинау науқанына сапалы дайындық пен агроөнеркәсіптік кешендегі барлық инвестициялық жобаларды уақытылы іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Петропавл ЖЭО-2-дегі жөндеу жұмыстарын аяқтау және жылу-энергия желілерін жаңғырту мәселесіне ерекше назар аударды.

Shares